ІІМ және прокуратура органдары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және билікті асыра пайдалану фактілерінің жолын кесуде

Тек прокурорлар ғана емес. Қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері теріс пайдаланушылық туралы әрбір шағымды ішкі істердің өзіндік қауіпсіздігі бөлімшелерінің қызметкерлері де тексереді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануы және билікті асыра қолдануы туралы әрбір шағымға прокуратура органдарымен қатар Ішкі істер министрінің тапсырмасымен ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексеру жүргізеді, олардың байланыс деректері бірінші күннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған», – деді спикер.

26.01.2022
Қаралым саны: 287
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz