Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңға жуық ғимараттар мен үй-жайлар зардап шекті

Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларында 1 466 әртүрлі үй-жайларға шабуыл жасалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 71 мемлекеттік мекемеге зиян келтірілді, оның 12-і әкімшілік ғимараттар мен 27 полиция объектілері.

«Ең көп зардап шеккен бизнес объектілері, олар зақым келтіруден өзге толықтай тоналды олардың саны – 1 395. Одан өзге 700-ден астам автокөліктер зақымдалып, жойылды, оның 500-ден астамы полицияның, Қорғаныс және Төтенше жағдай министрліктерінің жедел жәрдем және өзге органдардың қызметтік көліктері. Сондай-ақ 116 жеке адамдар көліктері.

Шабуылдар барысында 7 аңшылық дүкендеріне шабуыл жасалып, тоналды олардан 1 564 дана азаматтық қару ұрланды», – деді спикер.

26.01.2022
Қаралым саны: 128
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz